7 ақпанда елімізде ауа райы қандай болады
Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады.
"Тұрақсыз ауа райы сақталады: республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады"."Қазгидромет" РМК
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – көктайғақ, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай болжанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript