26 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

26 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2026 16:02 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 26 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.

"Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар мен боран әкеледі. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет".

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: