Ұлттық банк 1 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды мәлімет таратты

Экономика Казахстана, экономика РК, инвестиции, инвестирование, графики, экономическое развитие, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 15:09 Фото: pexels
ҚР Ұлттық банкі номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкнотаның қорғаныш элементтері туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2025 жылғы 28 наурыздан бастап номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкнота айналымға шығарылғанын еске салды.

"Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан төртінші банкнота. Ол дәстүрлі қазақ орнаментінің бастау көзі саналатын "Сақ стилінің" элементтеріне негізделген және ел мұрасы – көшпенділердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі тарихын бейнелейді",- деп мәлімдеді Ұлттық банк.

ҚҰБ шынайы банкноталарды жалған ақшадан әр адам өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелер бар екенін еске салады және 2025 жылғы үлгіде шыққан жаңа дизайндағы 1 000 теңгелік банкноталардың қорғаныш элементтерін ұсынады. Осы әдіс банкноталардың түпнұсқасын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақша белгісінің қорғаныш элементтері туралы

Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.

Сурет: nationalbank.kz

Банкнотаның бет жақ шеттерінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар. Олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі.

Сурет: nationalbank.kz

Сондай-ақ, банкнота бетінде үзік-үзік түрінде екі түсті қорғаныш жіп те бар. Жарыққа тосқанда ол біртұтас жіп ретінде анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және қызғылт-сары түстердің өзара әсерінен пульсация түрінде динамикалық эффект пайда болады.

Сурет: nationalbank.kz

Сонымен қатар, банкнотаның бет жағында артефакттың жарқыраған алтын бейнесі түрінде патч голографиялық қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударып қараған кезде номиналдың цифрлық кескіні ою-өрнекке ауысқанын байқауға болады.

Сурет: nationalbank.kz

Банкнотаның екінші бетінде артефактың көлемі бейнесін көрсететін Спарк элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді.

Сурет: nationalbank.kz

Кейбір жекелеген көркем элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы – иридисцентті бояумен басылған.

Сурет: nationalbank.kz

Локальды су белгісінің қорғаныш элементі – электротип. Жарық түскенде номиналдың бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.

Сурет: nationalbank.kz

Бұған дейін Павлодар облысында түнгі серуенге шыққан балалардың ата-аналары жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: