Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22 Сурет: ҚР Ұлттық Банкі
ҚР Ұлттық Банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанда "Сақ стилі" жаңа сериясымен шыққан номиналы 10 000 теңгелік банкнотаның қорғаныш элементтері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2024 жылғы 28 маусымнан бастап номиналды құны 10 000 теңгелік жаңа банкноталардың айналымға енгізілгенін еске салды.

"Жаңа дизайндағы банкноталарды қабылдау немесе тапсыру кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда, төлемдер мен айырбастау операцияларын жүргізу үшін екінші деңгейлі банктердің бөлімшелеріне жүгінуді ұсынамыз. "Сақ стилі" жаңа сериясындағы өзге банкноталар 2026 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен айналымға түседі".ҚР Ұлттық Банкі

Сондай-ақ, ҚҰБ жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкнотаның негізгі қорғаныш элементтерін ұсынады. Нұсқаулық азаматтарға шынайы банкнотаны жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектеседі.

1. Алтын интаглио (бедерлі бейне)

ҚР елтаңбасы алтын металл бояумен боялған.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

2. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі

Банкнотаның шеттерінде жанасудан жақсы сезілетін шығыңқы элементтер бар.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

3. Екі түсті қорғаныш жібі

Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және күлгін түстердің динамикалық лүпілдеу әсері пайда болады.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

4. Патч

"Барыс" артефактінің бейнесі. Банкнотаны аударған кезде тау шыңының және номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және сәулелердің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері пайда болады.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

5. Түсі өзгермелі терезе

Терезедегi өтпелi жарықта тау шыңының сұлбасы алтын түстен көк түске езгередi.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

6. Спарк

Артефакт түріндегі "аузында грифондары бар Барыстың басы" элементі. Банкнотаның бұрышы өзгерген кезде түсі алтыннан нефритке ауысады.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

7. Иридисцентті бояу

Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бет жағында алтын түстес, ал сырт жағында күлгін түстес жылтыры бар элементтер пайда болады.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

8. Жергілікті электротип сутамғы белгісі

Өтпелі жарықта номинал бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.

Ұлттық Банк жаңа 10 000 теңгелік банкнотаның жалған ақшадан айырмасын анықтап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:22

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

Номиналы 10 000 теңгелік банкнотадағы қорғаныш элементтері туралы ақпараттық материалмен мына сілтемеде, сондай-ақ ҚҰБ YouTube-арнасында танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: