Алматыда "Тұздыбастау" қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы стратегиялық маңызды "Тұздыбастау" қосалқы станциясының құрылыс нысанына барып, соңғы кезеңдегі жұмыстармен танысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 14:12 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы стратегиялық маңызды "Тұздыбастау" қосалқы станциясының құрылыс нысанына барып, соңғы кезеңдегі жұмыстармен танысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаты 110/10-10 кВ болатын қосалқы станция Түрксіб және Медеу аудандарын, сондай-ақ Алматы облысындағы жақын елді мекендерді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін салынып жатыр. Жобаны іске асыру жаңа тұрғын алаптарын, әлеуметтік нысандар мен өндірістік аймақтарды қосуға мүмкіндік береді, сонымен қатар қолданыстағы желілерге түсетін жүктемені азайтып, қуат резервін арттырады.

"Инженерлік инфрақұрылымды дамыту – қаланың тұрақты өсімінің негізі. "Тұздыбастау" қосалқы станциясы жаңа шағынаудандарды үздіксіз электрмен қамтып, желілердің тұрақтылығын арттырады. Ең бастысы, жұмысты межеленген мерзімде әрі сапалы аяқтау", – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Жоба аясында 110/10-10 кВ жабық қосалқы станция салынып, 7,8 км ұзындығындағы 110 кВ кабель желісі және жалпы ұзындығы 14 км-ден асатын 10 кВ тарату желілері тартылған. Қазіргі уақытта нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталып, жабдықтарды сынақтан өткізу және іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қосалқы станцияның пайдалануға берілуі Алматы энергожүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, жаңа аумақтардың дамуына қажетті қуат қорын қамтамасыз етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: