Батыс Қазақстан облысында банктік шоттарды заңсыз пайдаланғандар анықталды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 09:48 Фото: freepik
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті банктік шоттарды заңсыз иеленіп, олар арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар уақытша табыс табу мақсатында жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған. Алайда интернет-банкинг қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен.

Мұндай әрекеттерге қатысқан тұлғалар – "дропперлер" деп аталады. Олар өз атына ашылған шоттарды пайдалануға бергені үшін 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алған. Алаяқтар интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражатты дәл осы шоттар арқылы аударып отырған.

Заңсыз айналымдағы ақшаның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асқан.

Тергеу барысында белгілі болғандай, бір дроппер банктік картасы бұғатталғаннан кейін заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан. Осыдан кейін қылмыстық топ мүшелері оны қорқытып, шотқа қайта кіруді қалпына келтіруді талап еткен.

Қазіргі уақытта істің ұйымдастырушысы күдікті ретінде танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

ҚМА мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы банктік шотқа, төлем немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қолжетімділік үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: