Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жалған доллардың бір купюрасы 15 мың теңгеден сатылған

ҚР ҚМА, жалған купюра, доллар, жалған ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 11:33 Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жалған АҚШ долларын сақтау және өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің 10 қазан күні мәлімдеуінше, екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізген.

"Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚМА жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу заңмен қудаланатынын ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: