Алматыда бір тәуліктегі жауын-шашын қарашаның айлық нормасының жартысына жетті

Алматыда бір тәуліктегі жауын-шашын қарашаның айлық нормасының жартысына жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 17:40 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда көктайғақтың алдын алу жұмыстары мен көшелер тәулік бойы қардан тазартылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда кейінгі тәулікте шамамен 20 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл қараша айына арналған айлық норманың жартысына тең. Алматы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдерінің мәліметінше, осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі көлік қозғалысының қалыпты жүруін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.

"Көшелерді қардан тазарту жұмыстары 4 қараша күні сағат 20:00-де басталған. Осы уақыт ішінде магистральдар екі рет сыпырылып, жолға көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар себілді. Әсіресе, көпірлер мен жолайырықта, өрлер мен жүргінші өткелдері жіті назарда ұсталып отыр", - делінген хабарламада.

Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан таулы аймақтарда кей жерлерде көктайғақ пайда болған. Мұндай тайғақ учаскелер "Алматы Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен мердігер ұйымдар жедел түрде арнайы қоспа сеуіп жатыр.

"Бұл жұмысқа 900-ден астам арнайы техника және 2500-ден астам жұмысшы, оның ішінде кезекші және патрульдік бригадалар тартылған. Құм себетін машиналар, сыпырғыш техникалар, тиегіштер және қосалқы құралдар қолданылған. Жолды, тротуарды және аялдама маңын тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Коммуналдық қызмет жол жайын тұрақты түрде бақылап, қажет болған жағдайда қосымша қоспа себеді", - делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайындағы рейстердің жаппай кешігуінің себебі белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: