Қазақстандық жүзгіш ISSA спортшылар комиссиясының құрамына кірді

Қазақстандық жүзгіш ISSA спортшылар комиссиясының құрамына кірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 21:40 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.

Дауыс беруге әр ұлттық комитеттен ұсынылған спортшылар қатысты. Нәтижесінде комиссия құрамына 15 үміткердің ішінен сегізі таңдалды.

Айта кетейік, 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындары 7-21 қараша аралығында өтеді. Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: