Президент The Washington Post және The New York Times басылымдарына сұхбат берді
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа, Америкаға сапарының мәні мен маңызына, Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа, әлемдегі геосаяси жағдайға, Украина төңірегіндегі ахуалға және басқа да мәселелерге қатысты ойын бөлісті.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті.
Президент оның алдында америкалық сенаторды "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript