Жамбыл облысында 4 мың тоннаға жуық қарасора шабылды

Жамбыл облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 14:34 Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысында 8 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді.

Жамбыл облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған кезеңде полиция қызметкерлері 272 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 дереккке көп.

Заңсыз айналымнан 8 тонна 587 килограмм түрлі есірткі заты тәркіленді.

Оның ішінде: 4 тонна 179 келі – кептірілген марихуана, 4 тонна 248 келі – каннабис өсімдігі, 29 кг – гашиш, 9 келіден астам – синтетикалық есірткі.

Жыл басынан бері Шу аңғарынан еліміздің басқа өңірлеріне есірткі тасымалдаудың 16 арнасы анықталды. Арнайы операциялар барысында 485 кг-нан астам марихуана мен 129 кг гашиш тәркіленіп, 18 адам ұсталды. Полиция департаменті синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы күреске ерекше назар аударуда.

Іс-шара барысында 8 күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 9 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленді. Сонымен қатар Ресей Федерациясының екі азаматы синтетикалық есірткі өндіретін жерасты зертхананы ұйымдастырғаны үшін ұсталды.

Тінту кезінде 8 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор және арнайы құрал-жабдықтар анықталды. Полиция қызметкерлері құрамында 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар трамадол дәрілік препаратын заңсыз сату және таратумен айналысқан.

Іс-шара барысында жалпы ауданы 6 417 гектар жердегі жабайы өсетін 3 919 тоннадан астам қарасора алқабы шабылып, жойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп.

Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының мәлімдеуінше, есірткі айналымына қарсы күрес пен оның алдын алу – ведомство қызметінің басым бағыттарының бірі және қатаң бақылауда тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: