Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор тәркіленді

Өнеркәсіп, Жамбыл облысы, прекусор, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 18:42 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор табылды. "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасының 5 күні ішінде Жамбыл облысында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылығының 40 дерегін анықтады.

Атап айтқанда, 4 қылмыс анықталды: 

  • екеуі айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды контрабандалық жолмен өткізу фактісі,
  • тағы бірі құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысты,
  • тағы бірі - психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі.

Сондай-ақ 9 қылмыстық теріс қылық, 27 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Олардың ішінде техникалық нығайту талаптарын бұзудың 20 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың бес дерегі, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 фактісі бар.

"33 мың 412 тонна 30 келі түрлі прекурсорлардың, сондай-ақ 4 469 түрлі есірткі және психотроптық препараттардың айналымы шектелді". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда бірнеше аймақты қамтыған дропперлер тобы ұсталғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: