Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2025 13:56 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның екі облысында жол қозғалысын шектеуге байланысты маңызды мәлімдеме жасады. Бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 08 қараша сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, көріну шектеулігі) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола облысы:

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. " автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

"Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: