Қазақстанның екі өңірінде республикалық маңызы бар алты жолда қозғалыс шектелді
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы алты республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы
- "Өскемен – Семей" автожолының 103-198-шақырымы аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін)
Шығыс Қазақстан облысы
- "Өскемен – Семей" автожолының 10-103-шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
- "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" автожолының 15-105-шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1104-1191-шақырым аралығы (Глубокое ауылының бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін);
- "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 7-166-шақырым аралығы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін);
- "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 166-250-шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 626 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript