Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 6 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы:
- "РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 776-965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);
- "Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ" автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтак кенті — Қостанай облысының шекарасы);
- "Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет ө/п)" автожолының 39-136 шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов елді мекені – Әлімбет ө/п);
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1153 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы).
Қостанай облысы
- "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 234-549 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қостанай қаласы).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 914 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript