Қазақстанда 20 ақпанда қай жолдар жабық тұр

Қазақстанда 20 ақпанда қай жолдар жабық тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 18:34 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 20 ақпан сағат 18:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы:

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы" автожолының 910-1002 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы);

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы" автожолының 1004-1103 шақырым аралығы (Көкпекті ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы" автожолының 756-906 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қалбатау ауылы).

Ақтөбе облысы:

- "РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті — Қызылорда облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы:

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы" автожолының 1103-1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Зайсан қаласы);

- "Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары" автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы — Алтай қаласы).

Ұлытау облысы:

- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы — Жезқазған қаласы).

Қызылорда облысы:

- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысының шекарасы);

- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 713 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: