Абай облысында полицейлер көңіл көтеретін орындардың бақылауын күшейтті

Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында полицейлер Семейдегі көңіл көтеретін орындарының жұмысына кешенді рейтингтік талдау жүргізді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 16:31 Сурет: ҚР ІІМ
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында полицейлер Семейдегі көңіл көтеретін орындарының жұмысына кешенді рейтингтік талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде қоғамдық тәртіпке ықпал ететін объектілердің жаңартылған рейтингі әзірленді.

Құқық бұзушылықтарға жол берген немесе келушілер арасында тәртіп бұзу деңгейі жоғары нысандар "жоғары тәуекелді" санатқа енгізілді.

Бұл объектілер бойынша профилактикалық шаралар күшейтіледі және заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданады.

Жыл басынан бері Семейде көңіл көтеретін орындардан полицияға 1200-ден астам шақыру келіп түскен. Бұл қауіпсіздік саласындағы жұмысты күшейтудің өзектілігін көрсетеді.

Полиция көңіл көтеретін нысандарының иелері мен әкімшілерін заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және келушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: