Түркістан облысында полицейлер 100 келіге жуық заңсыз ауланған балықты тәркіледі

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер Шардара су қоймасының аумағында заңсыз балық аулаудың кезекті жайтын анықтады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 14:36 Сурет: ҚР ІІМ
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер Шардара су қоймасының аумағында заңсыз балық аулаудың кезекті жайтын анықтады.

Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Полиция аталмыш ер адамдардан 98 келіге жуық балық, қайық пен тыйым салынған қытай торын тәркіледі.

Бұл жайт "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру" бойынша тіркелді. Одан әрі заттай дәлелдемелері бар браконьерлер полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы заңсыз балық аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: