Қазақстанда архивтік анықтама алу тәртібі қалай өзгерді
Фото: gov4c.kz
Мысалы, бұрын анықтаманы тек архивке барып алу мүмкін болса, қазір бұл қызмет архивте ғана емес, ХҚО бөлімшелерінде де, сондай-ақ электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде де қолжетімді.
Сонымен қатар, бұрын анықтама алу үшін сұралған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері, мөр мен қолтаңбалармен куәландырылған болуы қажет еді. Қазіргі уақытта тек өтініш пен жеке куәлік (идентификация үшін) жеткілікті.
Тағы бір маңызды факт: бұрын Қазақстан азаматтары үшін анықтаманы күту мерзімі 30 күнге дейін созылатын. Қазір анықтаманы 11 жұмыс күні ішінде алуға болады, дайындық туралы хабарлама онлайн келеді.
Сонымен қатар, ХҚО трансформациясына дейін анықтама тек қағаз түрінде берілетін. Қазіргі таңда анықтама қағаз және электронды форматта да қолжетімді.
Архивтік анықтама – жұмыс өтілі, қызмет немесе оқу орны, тұрғылықты мекенжайды растауға арналған құжат. Көбінесе оны зейнетақы немесе басқа әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу кезінде пайдаланады.
Бұрын Қазақстан азаматтарына жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қалай алу керектігі және қандай құжаттар қажет екені туралы егжей-тегжейлі түсіндірілген болатын.