ҮАААЖ пен Алматы әуежайын байланыстыратын жол құрылысы қашан басталады және жол ақысы қанша болады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, парковка аэропорта Алматы, парковочные места в аэропорту Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 15:51 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2025 жылдың 13 қарашасында Алматының Үлкен айналма автомобиль жолы (БАКАД) мен оңтүстік астананың әуежайын жалғайтын автожол құрылысына қатысты кейбір мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жолдың шамамен ұзындығы 7,2 шақырымды құрайды, ал нақты ұзындығы трассаның түпкілікті бекітілген жобасынан кейін белгілі болады.

"Жоба Ахметов пен Закарпатская көшелерін қайта жаңғыртуды және БАКАД-қа дейін жаңа жол салуды қамтиды. Жобаның нақты құны жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң анықталады. Құрылыс бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл жолмен жүру тегін болады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда, құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталады", – делінген Алматы қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін, 2025 жылдың 3 қарашасында, Алматы халықаралық әуежайының айналасында қалалық автомагистральды, БАКАД-ты, жүк кешенін және әуежайдың негізгі кіреберісін байланыстыратын сақиналы жол салынатыны хабарланған еді. Сол күні Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: