Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны қымбаттайды
Сурет: Zakon.kz
2026 жылдан бастап жеңіл автокөліктер үшін тариф — 0,07-тен 0,14 АЕК-ке дейін (605,5 ₸) өзгереді.
Көлік құралдарының басқа санаттары үшін — санатқа сәйкес мөлшерде.
Онымен төмендегі кестеден таныса аласыздар:

Сурет: Instagram/bakad_official
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері болжамға сәйкес, 4 325 теңге болады.
Тағы бір маңызды жайт: тариф жолда бір сағатқа тең мөлшердегі уақытқа және көлік құралының санатына байланысты есептеледі.
Тарифтердің өзгеруімен қатар алдын ала төлем немесе кейінгі төлем қолданылған жағдайда 50% жеңілдік механизмі енгізілуі жоспарлануда:
- Алдын ала төлем – ақылы учаскеге кіргенге дейін жеке шотқа немесе көлік нөміріне ақша қаражатын аудару. Бұл жағдайда пайдаланушыға белгіленген тарифтің 50% мөлшерінде жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі беріледі.
- Кейінгі төлем – жолды жүріп өткеннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде төлем жасау жол ақысына 50% жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
Егер төлем көрсетілген мерзім ішінде түспесе, 7 күн өткен соң берешек қалыптасады және жолақы жеңілдіксіз, толық мөлшерде өндіріледі.
"Талғар, Қарасай және Іле аудандарының елдімекендерінде тіркелген тұрғындарға арналған қолданыстағы айлық және жылдық абонементтердің құны өзгеріссіз қалады", делінген хабарламада.
Бұған дейін ҮАААЖ мен Алматы әуежайын байланыстыратын жол құрылысы қашан басталатыны, жол ақысы қанша болатыны айтылған.