Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 21:06 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылғы 14 қараша сағат 19:30-да

  • "Атырау-Орал" автожолының 372-492-шақырым аралығындағы учаскесінде ( Чапай ауылынан Орал қаласына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына;
  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым ө/п)" автожолының 195-246-шақырым аралығындағы учаскесінде ( РФ шекарасы Сырым ө/п - Орал қ. МАИ бекеті) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 15 қараша сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланып отыр.

Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін 15 қарашада елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: