Қарағанды облысындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Сурет: Zakon.kz
Шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты қойылды.
"3 ақпан сағат 16-00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, боран, шектеулі көрініс) Қарағанды облысындағы Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жүруге шектеу енгізіледі", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бүған дейін Екатеринбург-Алматы тас жолының учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.
Сонымен қатар бүгін, 3 ақпанда "Қазавтожол" 3 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 3 учаскесіне шектеу енгізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript