Еліміздің 3 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

"Қазавтожол" ҰК, тас жол, ауа райы, шектеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 09:36 Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9:30-дағы ақпаратқа сәйкес, шектеу еліміздің 3 өңіріндегі тас жолға қойылады.

Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:

  • "Астана-Петропавл" күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
  • "Астана-Петропавл" күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
  • "Көкшетау-Омбы" тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;

Батыс Қазақстан облысында:

  • "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;

Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:

  • "Челябинск-Новосибирск" тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
  • "Астана-Петропавл" тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
  • "Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
  • "Көкшетау-Омбы" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: