Қазақстандықтарға әуе рейстерінің кешігетіні туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтарға әуе рейстерінің кешігетіні туралы ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2025 15:00 Сурет: Zakon.kz
Кешігулер Airbus NEO әуе кемелерімен орындалатын рейстерге қатысты болады. Бұл метеорологиялық жағдайларға байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana компаниясының хабарлауынша, Airbus өндірушісі A320neo, A321neo және A321LR ұшақтарының ұшуына тұман және көріну 150 метрден төмен болған жағдайда шектеу енгізген.

"Мұндай ауа райы жағдайы қыс мезгілінде Алматы халықаралық әуежайы үшін тән. Әуе компаниясы үшін ұшу қауіпсіздігі – негізгі басымдық. Жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін Air Astana-ның ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан алдын ала тексеріп отыру ұсынылады", - деп хабарлады әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет Балқаш әуежайын қайта жаңғыртуға шамамен бір миллиард теңге бөлгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: