Ұлытаулық еңбеккер Президент қолынан "Ерен еңбегі үшін" медалін алды
Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған іс-шараға Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы — Жезқазған қаласында орналасқан "Аяс" шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты – мал шаруашылығы. Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді", – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдік атап өткендей, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде ол ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript