Түрксіб ауданында биылғы ең ірі абаттандыру аяқталды: тұрғындар таңдаған 32 жоба іске асырылды

Алматының Түрксіб ауданы 2025 жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында ең ауқымды абаттандыру жұмыстарын аяқтады., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 16:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Түрксіб ауданы 2025 жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында ең ауқымды абаттандыру жұмыстарын аяқтады.

Аудан әкімдігі хабарлауынша, тұрғындардың таңдауы бойынша 32 жоба жүзеге асырылған.

Биылғы жылы аудан аумағында жүзеге асқан жұмыстар:

  • 7 жаңартылған қоғамдық алаңқай,
  • 6 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы,
  • 6 абаттандырылған тұрғын ауласы,
  • 6 автоматты суару жүйесі,
  • 3 балалар мен спорт алаңдары,
  • 4 сыртқы жарықтандыру желісі.

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, тұрғындардың белсенді қатысуы бағдарламаның тиімділігін арттырады.

2026 жылға 359 өтініш түскен, бұл аудан тұрғындарының жаңа бастамаларға сенім артатынын және қоғамдық кеңістікті дамытуға қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: