Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі уақытша 25% деңгейінде сақталады

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда квартиры, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 12:58 Фото: freepik
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылғы 19 қарашада Үкімет отырысында Қазақстандағы ипотекалық займдардың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТМ) шекті мәні уақытша 25% деңгейінде сақталады, бұл шек 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады.

"Бұл халыққа ипотекалық кредиттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мен банк секторының тұрақтылығын сақтау арасындағы балансты сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ипотека бойынша шекті ЖТМ-ді LTV-ге байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл тәсіл несиенің қамтамасыз етілу деңгейін және нарықтағы нақты жағдайларды ескереді, яғни әлдеқайда негізді және экономикалық тұрғыдан обоснованное шешім болады", – деді ол.

Инфляциялық әсерді азайту үшін "қазір сатып ал – кейін төле" (BNPL) қызметтері мен рассрочка нарығын реттеу тәсілдері әзірленетін болады.

2025 жылғы 5 қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Абылқасымова ипотекалық несие беру әдістемесін қайта қарау жоспарлары туралы хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: