Үкімет әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасының өсуіне жол бермейді
Фото: Zakon.kz
Вице-премьер Серік Жұманғарин 2025 жылғы 19 қарашада үкімет отырысында азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, халық көбінесе 29 түрлік өнімді тұтынады.
"Шын мәнінде, азық-түлік себетінде 160 түрлі тауар бар. Қазір негізінен әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне кірмейтін тауарлардың бағасы өсіп жатыр. Ал әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы өспейді. Осы айда екі апта ішінде тек 0,1% ғана өсті. Менің ойымша, ӘМАТ бағасы өсіп кетпейді, себебі біз оны бақылауда ұстап отырмыз", – деді Жұманғарин.
Ол сондай-ақ қазіргі кезде баға өсімі әлеуметтік маңызды тізімге кірмейтін өнімдерге қатысты екенін атап өтті.
"Сауда үстемеақысын бақылау мүмкіндігі бар. Бірақ қазір қызанақ, қияр, әртүрлі ет өнімдерінің бағасы өсіп жатыр, олар әлі маусымдық кезеңде әлеуметтік маңызды тізімге кірмейді. Сол сияқты қарақұмық та қымбаттап отыр. Оның қолдану аясы кең емес, бірақ тауар ретінде бағасы айтарлықтай өсті", – деді Жұманғарин.
Еске салсақ, бұған дейін вице-премьер картоп экспортына шектеу енгізу жоспарын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript