Қазақстандықтарды ипотекалық кредиттеу саласындағы өзгерістер күтіп тұр

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда квартиры, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 15:27 Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 2025 жылғы 19 қарашада өткен үкімет отырысында елімізде 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейін LTV көрсеткішіне байланыстыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

LTV – бұл несие сомасының кепіл құнына арақатынасы.

"Мұндай тәсіл кредиттің қамтамасыз етілу деңгейін және нақты нарықтық жағдайларды ескеруге мүмкіндік береді. Бұл – әлдеқайда теңгерімді әрі экономикалық тұрғыдан негізделген шешім", – деді Жұманғарин.

Үкіметтегі брифингте ол аталған бастамаға қатысты қосымша түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме шартты түрде 25% деңгейінде белгіленген. Әзірге осы деңгейде қалдыруды жөн көрдік, өйткені, өздеріңіз білесіздер, қазан айында базалық мөлшерлеме көтерілді. Экономикадағы ақшаның жалпы құны артты, сәйкесінше ипотекалық өнімдердің маржиналдылығын тым қысып тастау қисынсыз болар еді. Бірақ 1 шілдеге дейін біз ипотеканың қалай алынатынын ескеретін жеке әдістеме әзірлейміз. Біреу ипотеканы 20% бастапқы жарнамен 15 жылға алады, ал енді біреу 80% бастапқы жарнамен 5 жылға алады", – деді вице-премьер.

Оның айтуынша, мұндай несиелердің тәуекел деңгейі мүлдем әртүрлі.

"Мысалы, мен 20 млн теңгелік пәтер сатып алмақпын делік. Қазір 15 млн-ын төлеймін, ал қалған 5 млн-ын небәрі 5 жылға аламын. Бұл несие мен үшін де, банк үшін де аса тәуекелді емес. Сондықтан мұндай жағдайда мөлшерлемені тәуекел дәрежесіне қарай қайта қарауға болады. Қазіргі әдістеме тым тікелей", – деп толықтырды Жұманғарин.

Бұған дейін АРРФР төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктердің халыққа шамадан тыс несие беруді азайту тетіктері жөнінде түсініктеме берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: