Қазақстанда ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты 132 мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді

Дистанционное обучение, удаленное обучение, учеба на дому, онлайн-обучение, онлайн обучение, школьники, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 16:20 Фото: pexels
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 2025 жылғы 19 қарашада СЦК-да өткен брифингте мектептерді қашықтан оқыту форматына көшіру статистикасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең көп сыныптар қашықтан оқытуға Жамбыл облысында көшірілген.

"Ел бойынша 132 мектептегі 1469 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Астана қаласы – 24 мектептегі 182 сынып, Шығыс Қазақстан облысы – 57 мектептегі 204 сынып, Абай облысы – 21 мектептегі 276 сынып, Жамбыл облысы – 14 мектептегі 598 сынып", – деді Бейсенова.

Сонымен қатар, Қостанай облысында 12 мектептегі 168 сынып, Ақмола облысында 3 мектептегі 21 сынып және Қарағанды облысында 1 мектептегі 20 сынып онлайн оқытуға көшірілген.

Бұған дейін біз жазғанымыздай, Қазақстанда 580-дан астам адам "гонконг тұмауына" шалдыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: