ЖРВИ мен тұмау өршіп, Қостанайда барлық мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бұл шара білім беру процесіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға бағытталған, деп жазады "Наш Костанай" газеті қала әкімдігінің білім бөліміне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, оқушылар, педагог қызметкерлер арасында да аурудың қайталану жағдайларының артуы байқалатыны баса атап көрсетіледі.
"Осы аптаның соңында жағдай зерделенеді және эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқыту форматы туралы тағы да шешім қабылданады", - дейді құзырлы ведомстводағылар.
Қостанайдағы барлық 37 жалпы білім беретін мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сондай-ақ, білім бөлімінің баспасөз қызметі колледждердегі жағдайға қатысты мәлімет ұсынды.
Бүгінгі таңда облыста 33 ТжКБ ұйымы бар (26 - мемлекеттік және жетеуі - жекеменшік).
2025 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша 20 984 студенттің 3578-і ауруханада жатыр.
"Екі колледж (Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі (30,15%), Қостанай политехникалық жоғары колледжі (30,85%) қашықтан оқыту форматына көшкен. Төрт колледжде 17 топ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды (Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі - 4 топ; Қостанай құрылыс колледжі" - 1 топ; Қостанай жоғары педагогикалық колледжі - 2 топ; Қостанай Қазтұтынуодағы жоғары колледжі - 10 топ)", деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетсек, 2025 жылы 19 қарашада Астанада эпидахуал ушығып, санитарлық дәрігер бірқатар шектеулер енгізілгенін жариялаған болатын.