Ақтөбе облысында полицейлер қару иелерін тексерді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 14:08 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында республикалық "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары қару иелерін тексерді.

Мұғалжар ауданындағы шаруа қожалығын тексеру кезінде полиция қызметкерлері ИЖ аңшы мылтығын тауып, тәркіледі.

Тексеру барысында бұл қару деректер базасында ұрланған ретінде тіркелгені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске саламыз, айдың соңына дейін республика аумағында жүргізіліп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қару иелерінің 99,6%-ын тексерді.

Өңір бойынша Тексеріс кезінде 51 қару сақтау ережесін бұзу дерегімен, 46 қаруды тіркеу мерзімін бұзу дерегімен, сақтау ережесін бұзғаны үшін 29 азаматтық қару тәркіленді. 14 тіркелмеген қару анықталып, 19 дана ойық ұңғылы қаруға арналған оқ-дәрі табылды.

Полиция азаматтарды қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: