Ақтөбе облысында полицейлер заңсыз жалға берілген 300-ге жуық пәтерді анықтады

Полиция, пәтерді заңсыз жалға беру, Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 18:58 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысында полицейлер 16 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында өткізіліп жатқан "Учаске" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз жалға берілген 300-ге жуық пәтерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аталған іс-шара барысында салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 282 пәтер анықталды. Барлық факті бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізіліп жатыр.

Іс-шараны өткізу барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік учаскелерінде визиттік карточкаларын бере отырып, үйлерді, пәтерлерді, сондай-ақ аулаларды аралайды және тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендерде, мемлекеттік мекемелер мен ойын-сауық мекемелерінің ғимараттарында (мейрамханалар, кафелер, барлар, клубтар), сондай-ақ тұрғындарға ақпарат беретіні нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: