Қостанайда вейптерді заңсыз әкеліп сату ісі сотқа жіберілді

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 16:25 Фото: pexels
Қостанай облысының прокуратурасы вейптерді заңсыз түрде әкелу, сату және тарату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітіп, материалдарды сотқа жолдады.

Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды облысының, Саран қаласының тұрғыны Ресейден электрондық тұтыну жүйелерін сатып алып, оларды Қазақстанға заңсыз жолмен енгізіп отырған. Тауарды Қостанай облысының өткізу бекеттері арқылы өткізіп, кейін өзіне тиесілі Telegram-арна арқылы сатқан.

Күдіктінің әрекеттеріне Қылмыстық кодекстің 301-1-бабының 1 және 2-бөлімдері бойынша құқықтық баға берілді. Аталған баптар мүлкін тәркілеуді көздей отырып, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қылмыстық іс Қостанай қаласы №2 сотына жолданды.

Прокуратура 2024 жылғы 19 сәуірде қабылданған заңға сәйкес, электрондық тұтыну жүйелерін, сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді әкелуге, өндіруге, таратуға және сатуға толық тыйым салынғанын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: