Алматы облысында полиция вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады
Сурет: polisia.kz
Полицейлер Іле ауданында вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шара барысында Байсерке ауылындағы орналасқан дүкендердің бірінен тыйым салынған құрылғылар табылды.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр.
"Электрондық вейптер мен темекіні жылытуға арналған құрылғылар зиян екені бәріне белгілі. Полиция қызметкерлері зиянды заттардан аулақ болуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады".Қазақстан ІІМ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript