Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер неге алынып тасталды - әкімдік түсініктемесі
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімдігі Zakon.kz сайтына биыл ғана Сайран көлінде пайда болған понтон көпірлер неге бөлшектеліп, қайта құрылғанын түсіндірді.
Сайран көлінде орналасқан понтон көпірлер қысқы кезеңге арналған жыл сайынғы консервациялау және көлдегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша алынып, басқаша жасалды", деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі 2025 жылғы 23 қарашада.
"Келесі жылдың көктемінде су қоймасының деңгейі қалпына келгенде бұл құрылымдар қайта орнатылады", делінген Zakon.kz-ның ресми сауалына берілген жауапта.
Әкімдіктің баспасөз қызметі құрылымдарды қанағаттанарлық техникалық жағдайда сақтау мақсатында жыл сайын оны бөлшектеп, оған қатысты монтаждау жұмыстары жүргізіліп отыратынын нақтылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript