Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер неге алынып тасталды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Сайран көлі маңайын көріктендіру жобасы аясында екі понтон көпір орнатылған. Олар жағалаулар арасында қауіпсіз және ыңғайлы жүріп өтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылымдар қысқы кезеңге жыл сайын жүргізілетін консервация және су деңгейінің төмендеуі себепті уақытша алынып тасталды.
Су деңгейі келесі жылдың көктемінде қалпына келгеннен кейін понтон көпірлер қайта орнатылады. Құрылымдардың техникалық жарамдылығын сақтау мақсатында бұл жұмыс жыл сайын істеледі.
"Сондай-ақ, "Сайран көлі маңайын көріктендіру" жобасы аясында су айдынында нимфея (лотос) өсімдіктері өсірілетін арнайы бассейн қалыптастыру үшін темірбетон құрылым салынған. Көлдегі судың төмендеуіне байланысты су өсімдіктерінің тамыр жүйесін жылыту жұмысы жүргізілді. Бұл қыс мезгілінде олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатындағы шара". Алматының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы
Егер өсімдіктер үсіп кетсе немесе жерсінбесе, оларды мердігер ұйым кепілдік міндеттемесі аясында ауыстырып береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript