Жеделсатыдағы "мәйіт" пен балтамен жасалған шабуыл: ІІМ пранкерлермен күрес қалай жүргізілетінін айтып берді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 16:02 Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттық сауалға берген жауабында ел заңнамасына қайшы келетін іс-әрекет жасаған пранкерлермен күрес жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Ішкі істер органдарының бөлімшелері қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын бұзумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізеді.

"Ағымдағы жылдың басынан бастап ұсақ бұзақылық үшін (ӘҚБтК-нің 434- бабы) 22 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, ағымдағы жылдың қараша айында Интернет желісінде әдепсіз сөз сөйлегені үшін сот шешімімен "Мотиватор" деп аталатын блогер 15 тәулікке әкімшілік жауапкершілікке тартылды, лифтіде "мәйітті" қойып, балтамен шабуыл жасаған басқа да блогерлер ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылып, 15-30 тәулік мерзімге қамауға алынды",- делінген жауапта.

Министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқыққа қайшы контент тарататын немесе интернет желісі арқылы құқық бұзушылық жасайтын адамдарға қатысты жауапкершілік шаралары қолданылатындығын ескертті.

Бұған дейін Ақтауда бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: