Ішкі істер министрі пранк үшін полицей киімін киетіндерге қандай жаза қолданылатынын айтты

Ішкі істер министрі, Ержан Сәденов, пранк, полицей киімі, депутаттық сауал, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 19:46 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полицейдің киімін киіп, пранк жасағандар қалай жазалантыны туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс сайтында депутат Мақсат Толықбайдың депутаттық сауалына Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың берген жауабы жарияланды. Сауал ақпараттық қауіпсіздік, медиа саясат және құқық қорғау органдарына деген сенімге қатысты болды.  

Соның ішінде полицей киімін киетін азаматтарға қатысты мәселеге байланысты да министр жауап бере кетті.

"Жалған куәліктерді, кісендерді және басқа да арнаулы құралдарды қолдана отырып, құқық қорғау органдарының нысанына жасырынған адамдардың қатысуымен сахналау ("пранктер") жағдайлары бұзақылық, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру не өзге де әкімшілік немесе қылмыстық жазаланатын әрекеттер ретінде саралануы мүмкін", делінген министр жауабында.

Оның айтуынша, әрбір осындай оқиға бойынша тексерулер жүргізіліп, заңнамада белгіленген шаралар қабылданады.

 Бұған дейін Астанада жұртты шошытып, пранк жасаған блогерлер ұсталғанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: