Бишімбаев ісі: Ішкі істер министрлігінің басшысы тергеу барысы жайында айтты
Сурет: ҚР ІІМ
23 қарашада Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Сенат отырысында Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты істің тергеуі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ержан Сәденов полицияның Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу нәтижесін жақын арада жариялайтынын айтты.
"Тергеу жүріп жатыр. Гастроцентр директоры туысы (Бишімбаев. – Редакция). Бүгінгі таңда қылмыстық іс тергелуде, ешқандай мәселе жоқ. Жақында аяқтаймыз. Барлық тұлғалар анықталды. Олар қылмыстық процесс аясында статусқа ие. Барлық жазбалар қалпына келтірілді. Іс әдеттегідей жүріп жатыр", - деді ІІМ басшысы.
2023 жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевты астаналық мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірді деген күдікпен Астана полициясы ұстады.
15 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісі бойынша тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript