Қазақстанның оңтүстігінде жалған жұмыспен қамту арқылы бюджеттен 49 млн теңге жымқырылғаны анықталды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 10:54 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Түркістанда жұмыспен қамтылған азаматтардың жалақысын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) департаменті анықтағандай, "Еңбек мобильдігі орталығы" ШЖҚ МКК-ның бұрынғы директоры, "Жұмыс берушілерді қолдау" бөлімінің қызметкері және бірнеше коммерциялық ұйымның басшылары азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жалған түрде жұмысқа орналастыру арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.

"Орталық қызметкері кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін өтініштер жіберген. Өтініштерде шын мәнінде жоқ лауазымдар көрсетілген. Өтініштер мақұлданғаннан кейін іс жүзінде еңбек міндеттерін орындамаған азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар рәсімделген", – деп түсіндірді агенттікте.

Айта кетерлігі, кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу үшін зейнетақы және медициналық жарналар аударылуы керек деген желеумен таныстары мен туыстарын банк шоттарын ашуға тартқан.

Жалған жұмыс уақыты табельдері ай сайын платформаға енгізіліп отырған.

Осы құжаттардың негізінде қаражат жалған жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің шоттарына аударылып отырған. Кәсіпкерлер алынған сомаларды қолма-қол ақшаға айналдырып, бөлімше қызметкеріне берген, ал ол ақшаны схемаға қатысушылар арасында бөліп отырған.

"Нәтижесінде 78 адам жалған түрде жұмысқа орналастырылып, мемлекетке келтірілген залал 49 млн теңгеден асты". ҚМА ҚР баспасөз қызметі

Сот үкімі бойынша үш айыптыға 4 жыл 6 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал екі кәсіпкерге 4 жыл 6 айға бостандықты шектеу жазасы белгіленді.

Бұдан бөлек, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ҚМА тергеуінен кейін "Богатырь Комир" кәсіпорнында бөлшектерді ауыстыру арқылы 123 млн теңге ұрланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: