Ұлытаудың далалы аймағында зымыранның темір сынықтары табылды: Жауаптылар не дейді
Фото: АО "ЦЭНКИ"
Желіде Ұлытау облысының тұрғындары далалы аймақтан табылған металл сынықтарын көрсеткен бейне кеңінен тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрлар 27 қарашада журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланды.
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі табылған фрагменттер "Союз МС-28" зымыран-тасығышының бірінші сатысына қатысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның құлауы арнайы белгіленген аймаққа жоспарланған. Ведомство зымыранның ұшырылуы штаттық режимде өткенін және халыққа қауіп жоқ екенін атап өтті.
"Оқиға орнында "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің экологтары жұмыс істеуде. Өлшеулер мен сынамалар алу жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, экологияға зиян келтірілгені анықталған жоқ. "Союз МС-28" экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын – керосин мен сұйық оттегін пайдаланады. Табылған сынықтар радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп төндірмейді", – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Түркістан облысында "Найман" каналы бетонмен нығайтылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript