20 млн теңгеден астам айыппұл: ІІМ кезекті тексерісті қорытындылады
Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатындағы іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында елімізде "Дәрмек" іс-шарасын өткізеді.
"2025 жылдың басынан бері барлығы 981 ұйым тексерілді. 421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Белілі болғандай, тексеру барысында кәсіпорын басшыларына ескерту жасалған. Дегенмен, оны елемеген басшылар кемшіліктердің жалғасуына жол берген.
"Мысалы, сот шешімімен Балқаш қаласындағы ұйымның лицензиясы тоқтатылды. Заңды тұлғаларға комитет бұл жұмысты жалғастырып, заңды түрде шаралар қабылдайтындығын ескертеміз",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript