Алматыдағы көшелердің бірі 2026 жылға дейін уақытша жабылады
Сурет: unsplash
Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары аясында Жексенбаев көшесі 2026 жылға дейін уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 1 желтоқсанында қалалық экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады:
"Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Аумақ 2025 жылы 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады".

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Жүргізушілерге жұмыс барысында жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Айта кетсек, 2025 жылы 21 қазанда Алматыда бір көше бір аптаға жабылған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript