Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы көшелердің бірі қыркүйекке дейін жабылады

Алматыда қыркүйекке дейін Спасская көшесі бойында көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 17:02 Сурет: Zakon.kz
Алматыда қыркүйекке дейін Спасская көшесі бойында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 20 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының Түрксіб ауданында Спасская көшесінің бойымен Бекмаханов көшесінен бастап Урицкий көшесі арқылы өте отырып, Воровский көшесіне дейінгі аумақта автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектеледі.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер 1983 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1804,6 метр болатын, аталған көше бөлігінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек.

"Бұл құбыр 22 көппәтерлі тұрғын үйді, 1 балабақша мен 1 білім беру нысанын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде жарияланып отырады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: