Археологтар Жетісу облысынан кезекті петроглифтер кешенін тапты

Археологтар Жетісу облысынан кезекті петроглифтер кешенін тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 11:56 Сурет: pixabay
Жетісу облысындағы Алтынемел тауында петроглифтер кешені табылды. Тасқа қашалған көне суреттер ұлттық парктің ерекше қорғау аймағына жақын жерде орналасқан. "Сол себепті жақсы сақталған", дейді ғалымдар. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Петроглифтер Алтынемел асуының Шолақ шатқалындағы жартастарға салынған. Сондықтан оған жету оңай емес. Ұлттық парктің туристік орталығынан бір сағаттан аса жол жүріп, тауға көтерілгенде ғана көне дәуірдің суреттерін көруге болады, дейді "24.kz" телеарнасының тілшісі.

Қоғамдық бірлестік өкілдері бұл кешенді кездейсоқ тапқан. Себебі суреттер күн түскенде көзге анық көрінеді. Мамандар бұл жердегі көне тұрақтар мен қорымдарға қарап, төрт мың жыл бойы құтты қоныс болған деген қорытынды шығарып отыр.

"Адамдар қола дәуірінен күні бүгінге дейін осы жерді мекендеп, шаруашылықпен айналысты деуге болады. Салынған суреттерде ерте кездегі кісілердің наным-сенімі байқалады. Мысалы, әйел адамның дүниеге сәби әкеліп жатқан сәтінде оны қорғау рәсімдері көрініс тапқан. Ал ешкі мен лақтың суреті Ұмай анаға арналған. Тибет монахтарының жазуы да табылып отыр". Ольга Гумирова, қоғамдық бірлестік жетекшісі

Жетісу облысында көне петроглифтер көптеп кездеседі. Кейінгі жылдардың өзінде Талдықорған қаласы, Қаратал, Ақсу, Сарқан, Ескелді аудандарының аумағында тасқа қашалған суреттер шоғыры табылды.

Бұған дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі мақта өңдеу кешені құрылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: