Қазақстанда дәрі өндірісіне арналған компоненттер ҚҚС-дан босатылады

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 15:08 Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың 2 желтоқсанында өткен үкімет отырысында фармацевтика өнеркәсібінің қалай дамитынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық сектор кәсіпорындары өндіріс көлемін 11,7%-ға арттырып, 156,6 млрд теңгеге жеткізген. Бұл – 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,4 млрд теңгеге көп. Ал саланы дамытуға бағытталған инвестициялар 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында 77,1 млн долларды құрады.

"Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметтің дәрілік заттар өндіру үшін қолданылатын, ГОБМП және МӘМС шеңберінде жеткізілетін импорттық субстанциялар мен шикізатты ҚҚС-дан босату туралы қаулы жобасын әзірледі", – деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, бұл шара өндіріс құнын төмендетуге және жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға бағытталған.

Сондай-ақ, министрлік дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және бақылау жүйесін енгізуді аяқтағаны атап өтілді. Осылайша, Қазақстан Орталық Азияда толық таңбалау циклі жұмыс істейтін жалғыз мемлекетке айналды.

"Жүйе сатып алу көлемін цифрландыру арқылы қажеттілікті дәл болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнімді нарыққа жедел шығару үшін тіркеу рәсімі жеңілдетілді, ал тіркеу мерзімі екі есе қысқарды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу процестерінің барлығы толық электрондық форматқа көшірілді. Қазақстандық тауар өндірушілерді мақсатты қолдау үшін арнайы критерийлер белгіленді", – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде қазақстандықтар нені білу қажет екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: