Несиені мерзімінен бұрын өтеу: қазақстандықтарға нені ескеру қажет

Кредит, кредитование, займ, долг, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 13:57 Фото: freepik
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 2 желтоқсанда қарыз алушыларға несиелерді мерзімінен бұрын өтеу тәртібі туралы еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға пайыздар бойынша артық төлемді қысқартуға және борыштық міндеттемелерді орындауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Ол барлық берешектің жабылуымен толық болуы немесе белгіленген кестеден тыс соманы енгізу арқылы ішінара болуы мүмкін. Ішінара өтеу кезінде қарыз алушылар ай сайынғы төлем сақталған кезде кредиттің мерзімін қысқартуды немесе мерзім сақталған кезде төлемнің өзін төмендетуді таңдай алады.

Қаржы ұйымдары заңнама шеңберінде мерзімінен бұрын өтеудің ішкі тәртібін, яғни ең төменгі сомаларды, өтініш беру мерзімдерін және есептік күндерді белгілеуге құқылы.

"Қарыз алушыларға банкпен қайта есептеу әдісін, қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақыларын қайтару ерекшеліктерін және ипотека бойынша ауыртпалықты алу процесін алдын ала келісу ұсынылады",- делінген ақпаратта.

Айта кетсек, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 31 тамызда мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары тек заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енді.

Жеке тұлғалар кредиттерді кез келген уақытта тұрақсыздық айыбын төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шарттарға, соның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады.

Бұған дейін 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Ұлттық банк Мысыр құдайлары бейнеленген монеталарды айналымға енгізетінін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: