Бір келісі 15-20 мың теңге: Қазақстанда ет тапшылығы болуы мүмкін бе

Зеленый базар, продукты питания, торговля, базар, рынок, мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса, мясной отдел, цена мяса, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 16:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 2 желтоқсанда үкіметтегі баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қазақстанда ет тапшылығы мен бағаның күрт өсуі қаншалықты мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Рахимбеков жақын уақытта Қазақстанда ет бағасы 15–20 мың теңгеге дейін қымбаттап, ел тіпті Өзбекстаннан ет импорттауға мәжбүр болады деп мәлімдеген. Олар осы болжамның қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

Азат Сұлтанов бұл пікірмен келісуге болмайтынын айтты:

"Жоқ, біз бұл пікірмен мүлде келіспейміз, өйткені мал шаруашылығы – елімізде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Алдымызда нақты индикаторлары, міндеттері және қажетті өндіріс көлеміне (соның ішінде етке) жеткізетін жоспарлары бар кешенді мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу және бекіту міндеті тұр", – деді ол.

Оның айтуынша, әңгіме тек сиыр етін өндіру туралы ғана емес, қоян өсіру, тіпті марал шаруашылығын дамыту жайында да болып отыр.

"Барлық салалар мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген қаржыландыруды қамтиды. Болашақта не күтеміз? Мал басының бірнеше есе артуын, соның ішінде ірі қара санын көбейтуді... Сондықтан біз басқа елдерден сиыр етін импорттаймыз деу – мүлде дұрыс емес. Импорт бар, бірақ өте аз, және негізінен ол консерві өнімдерін өндіру үшін өңдеуге арналған блок ет. Қазақстанға шаруалар да, тұтынушылар да жаппай сиыр етін әкеліп жатқан жоқ. Тек премиум санаттағы стейктерге арналған ет немесе қайта өңдеуге арналған блок ет бар – ол да нарыққа емес", – деп толықтырды вице-министр.

Бұған дейін еліміздің қай өңірінде инфляция шарықтап тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: